“Ардагерлерге мың тағзым” атты тыл ардагерімен кездесу
Жағатал ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай «Ардагерлерге мың тағзым» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа елін, жерін қорғаған ардагерлердің ерен ерлігін таныту, оларды құрметтеуге баулу, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Шара барысында ауылымыздың тыл ардагері – Есімханов Ысқақ Ибрагимұлымен кездесуге әкімшілік ұжымы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Басшығұл Рақымқан атамыз қатысты . Тыл еңбеккеріміз өзінің еңбекпен өрілген өмір жолы жайлы әңгімелеп, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен халықтың бірлігі туралы естеліктерімен бөлісті.
Кездесу өте жылы әрі әсерлі өтті.
Бұл кездесу жас ұрпақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен үлкендерге құрмет сезімін арттырып, тыл еңбеккерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/992894?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау