Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Республика мен Абай даңғылдарының қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 9-11 мамыр аралығында аталған қиылыста қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/992231?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау