Атырауда 2 500-ден астам адам әскери шеруді тікелей эфирде тамашалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери шеру өтті. Шеру қаладағы М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында, «Бейбарыс сұлтан» алаңында және аудандар орталығында LED-экраннан көрсетілді,

Облыс әкімі Серік Шәпкенов, қала,аудан әкімдері, ардагерлер, мемлекеттік органдар басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері, құрмет қарауыл ротасы, Атырау гарнизонының әскери қызметшілері, тәжік-ауған соғысының және таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар, жалпы саны 2 500-ден астам адам LED-экран арқылы трансляцияны қарады.

Айта кетейік, 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай салтанатты шара өткен болатын. Шара ҚР Президенттік оркестр жанындағы «Abyroy» тобының, 5546 әскери бөлімі оркестрінің және жергілікті әртістердің концертімен басталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/991747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version