АУДАН ӘКІМІ РЕКОРД ОРНАТҚАН ӨҢІРЛЕС СПОРТШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жақында ұлттық рекордты жаңартқан Шымкент қаласының 52 жастағы спортшысы Артық Досалиев Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай ауданымызға келіп, балуан бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы музейді аралады.
Арнайы келген рекордшы өңірлесімізді аудан әкімі Азат Оралбаев ауданымыздың 60 жылдығына арналған медальмен марапаттап, алып күш иесіне сый-сияпат тапсырды.
Қарулы өңірлесіміз теміржолдағы 5 вагонды сүйреп, Қазақстан рекордтар кітабына еніп отыр. Ол вагон тартуда 21 метр 40 сантиметр қашықтықты еңсерген.
Пауэрлифтингтен әлемнің 5 дүркін чемпионы, Еуропаның 2, Азияның 8 дүркін жеңімпазы болған тәжірбиелі спортшы «Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатуға ниет етіп, батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасап, бұл рекордымды осы мерекеге арнап отырмын. Ендігі жылы да 6-7-10-20 вогонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын» – деп, баршаны мерекемен құттықтап, марапат пен сыйлыққа рахметін айтты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/992740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version