БӘЙГЕДЕН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысы әкімінің кубогы үшін республикалық бәйге турнирі аяқталды. Ел көлемінен 100-ден астам шабандоз қатысқан дүбірлі додада қазақтың тұлпарлары тектілігін танытып, бәйге жанкүйерлерін ерекше әсерге бөледі.
Жарыс төрт негізгі ат жарысы түрінен өтті: құнан бәйге, топ бәйге, жорға жарысы және аламан бәйге. Әр санатта оза шапқан сәйгүліктер мен шабандоздар арнайы кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Құнан бәйге жүлдегерлері:
•1 орын – “Максимус”, шабандозы Аңсар Арыстанбек (Балқаш ауданы) – 1 000 000 теңге
•2 орын – “Райхан”, Мерей Гариппулин (Балқаш ауданы) – 500 000 теңге
•3 орын – “Латифа”, Хамза Амангелді (Балқаш ауданы) – 300 000 теңге
•4 орын – “Қарлығаш”, Нұрали Айтқабыл (Ақсу ауданы) – 200 000 теңге
•5 орын – “Миллион”, Мансұр Кеңшілік (Көксу ауданы) – 100 000 теңге
Топ бәйге жүлдегерлері:
•1 орын – “Жүзген”, Мерей Гариппулин (Балқаш ауданы) – 2 000 000 теңге
•2 орын – “Ханшайым”, Нұрали Байтуров (Талғар қаласы) – 1 000 000 теңге
•3 орын – “Күреңқыз”, Ақжүрек Жақан (Ескелді ауданы) – 300 000 теңге
•4 орын – “Томиристар”, Нұрали Айтқабыл (Қаратал ауданы) – 200 000 теңге
•5 орын – “Мастерлайн”, Имрат Баширов (Астана қаласы) – 100 000 теңге
Жорға жарысы жүлдегерлері:
•1 орын – “Томирис”, Артем Самородов (Сарқан ауданы) – 300 000 теңге
•2 орын – “Қазына”, Нұры-Александр Колюжный (Алматы қаласы) – 200 000 теңге
•3 орын – “Ақмаржан”, Ералы Елубай (Алакөл ауданы) – 100 000 теңге
Аламан бәйге жүлдегерлері:
•1 орын – “Шаңқобыз”, Аңсар Арыстанбек (Балқаш ауданы) – 3 000 000 теңге
•2 орын – “Қаһарман”, Нұрали Айтқабыл (Талдықорған қаласы) – 2 000 000 теңге
•3 орын – “Жебе”, Таңжарық Мұхамет (Талдықорған қаласы) – 1 000 000 теңге
•4 орын – “Әлемқасқа”, Болат Абдукарим (Кербұлақ ауданы) – 500 000 теңге
•5 орын – “Айбалта”, Әлімжан Әзімхан (Алғабас ауылы) – 300 000 теңге.
Сайыс соңында Жетісу облысы әкімінің арнайы кубогы жеңімпаздарға табыс етіліп, ел мақтанышына айналған жүйріктер лайықты құрметке ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-pcsport/press/news/details/992842?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау