Батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған патриоттық кеш өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған патриоттық кеш өтті
 
2025 жылғы 10 мамыр күні Алакөл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, қаһарман қыз Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай “Елін сүйген, елі сүйген батыр қыз” атты патриоттық кеш өткізілді.
 
Шараға 01852 әскери бөлімінің қызметкерлері белсене атсалысып, батыр қыздың өмір жолы мен майдандағы ерлігі туралы деректермен бөлісті. Кеш барысында қатысушылар назарына Әлия Молдағұлова туралы материалдардан тұратын арнайы кітап көрмесі ұсынылды.
 
Іс-шараның мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік рухты нығайту және ұлттық батырларымыздың ерлігін дәріптеу. Кешке барлығы 20 адам қамтылып, мазмұнды әрі әсерлі кездесу болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/993197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version