«Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрмеcі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлер туралы «Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрмесі өтті.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорынан алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кәри  Абитов, Тәңірберген Қалилаханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың құжаттары, майданда жазған хаттары қойылды.

Іс-шараға ҰОС ардагерлері Әнуарбек Сүйіндіков пен Тәңірберген Қалилаханов ұл-қыздары, белгілі  қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Толығырақ ақпарат https://www.ulttykarhiv.kz/15003/https://www.ulttykarhiv.kz/15003/  көзінде

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/991759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version