«БатырMAN» журналы №25 мектеп оқушыларына табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Талдықорған қаласындағы №25 жалпы білім беретін мектепте қазақ тіліндегі танымдық «БатырMAN» балалар журналының жаңа нөмірін табыстау рәсімі өтті. Бұл жолғы шығарылым – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне арналған арнайы сан болып табылады.  Іс-шара аясында 30 оқушыға журналдың жаңа шығарылымы салтанатты түрде табысталып, оқушылармен еркін форматта әсерлі кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында балалар журналдың мазмұнымен танысып, Ұлы Отан соғысы тақырыбы бойынша өз ойларымен бөлісті.  «БатырMAN» – балалар мен жасөспірімдерге арналған, қазақ тілінде жарық көретін бірегей танымдық басылым. Журналдың басты мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ұлттық рух пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру.  Ардагерлерге арналған бұл нөмірде қазақ батырларының ерлігі, майдан даласындағы тарихи оқиғалар, соғыс жылдарындағы балалық шақтың қиындықтары туралы мақалалар, естеліктер мен иллюстрациялық комикстер жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/992207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version