Аялы да ардақты аналар, қымбатты ханымдар!
Сіздерді Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
Түнгі ұйқысын төрт бөліп,түнде бесік таянып,ақ сүтін беріп өсірген, күн сайын шексіз сүйіспеншілік сыйлап жүрген Аналарымызға мың алғыс, мың тағзым!
Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен ақыл-парасаттарыңыз әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың берекесін арттырып, қоғамды мейірім мен ізгілікке бөлеп келетін асыл дүние.
Барлық аналарға зор денсаулық, амандық және бақыт тілеймін! Жүректеріңіз әрқашан қуанышқа толы болсын! Жандарыңызда әрдайым сүйіспеншілікке бөлеп жүретін адал қолдаушыларыңыз табылсын!
Ізгі тілекпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/992903?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау