2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халыққа шамамен 16,5 миллион қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
– 7,0 миллионнан астамы – электрондық форматта
– 9,0 миллионнан астамы – автоматтандырылған түрде
Осылайша, электрондық, автоматтандырылған және
қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі 98,4%-ды құрады.
Жүзбе-жүз форматта шамамен 262,7 мың қызмет көрсетілді,
оның 255,0 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында реквизиттерді өзгерту
бойынша 38,4 мыңнан астам өтініш қабылданды, оның ішінде 35,5 мыңнан астамы –кеңселерде қабылданған.
БЖЗҚ мамандары тек қызмет көрсетіп қана қоймай, зейнетақыжинақтарын қалыптастыру бойынша кеңестер де береді.
Ақпараттық- түсіндірме жұмыстары аясында:
– 10,2 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізілді
– 212,0 мыңға жуық адам қатысты
– БАҚ-та 11,2 мыңнан астам материал жарияланды
– Кері байланыс арналары арқылы 165,8 мыңға жуық өтініш
келіп түсті
Кез келген компания БЖЗҚ мамандарын кеңсеге шақырып,
зейнетақы жүйесі бойынша таныстырылым мен кеңес ала алады!
Ол үшін 1418 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе Қордың сайты
мен мобильді қосымшасы арқылы өтініш беріңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/993087?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау