2025 жылғы 8 мамырда заң ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің заң пәндері кафедрасының оқытушы-лекторы, Жетісу облысы адам құқықтары жөніндегі уәкілінің кеңесшісі Чингаева Бақыт Кеңесарқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық, этикалық және әлеуметтік аспектілері қарастырылып, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жеке жауапкершіліктің, ашықтықтың және құқықтық сауаттылықтың маңызы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/992290?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау