“KazAID “Қазақстандық халықаралық даму агенттігі” КЕАҚ серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері:
-Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу;
– жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;
– жобаларды сүйемелдеу, бақылау, іске асырылуын мониторингілеу және жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу;
– қажетті жобалық құжаттаманы дайындау;
– серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта.
– Жұмыс тәжірибесі – 2 жыл.
– Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады.
– Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.
– Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті.
– Шет тілдерін білу құпталады.
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 20 мамыр.
Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/991930?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау