КЕЛЕСТЕ ЗИЯНКЕСТІҢ КӨШУІНЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕЛЕСТЕ ЗИЯНКЕСТІҢ КӨШУІНЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛУДА
 
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеден қорғауға бағытталған жоспарлы іс-шаралар жалғасуда. Жоспарланған 1,0 млн гектардан астам аумақтың бүгінге дейін 814,8 мың гектары зерттеліп, оның 354,2 мың гектарында Марокко шегірткесінің экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталды.
 
Зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары қарқын алған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 359,9 мың гектар жер химиялық жолмен өңделді. Қазіргі таңда шегірткенің 4 жас кезеңіне өткен аумақтарда тиімділігі жоғары “Ацет 200” химиялық препараты қолданылуда.
 
Келес ауданында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті штаб отырысында шегірткеге қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен өзекті мәселелер талқыланды. Жиында өңірлік секторлар бойынша нақты есептер тыңдалып, келесі міндеттер айқындалды.
Штаб отырысында Нұрбол Тұрашбеков зиянкестің миграция кезеңінде уақытты тиімді пайдалану маңызды екенін атап өтті. Ол түнгі ауысымда да дәрілеу жұмыстарын жүргізу ұсынысын толық қолдайтынын жеткізді.
— Зиянкестердің көшуі белсенді жүріп жатыр. Сондықтан әрекетті жылдамдатып, дәрілеу уақытын барынша тиімді ұйымдастыруымыз керек. Алдыңғы шепте жүрген мамандардың қажеттіліктері – су мен химиялық затпен қамтамасыз етілуі қатаң бақылауда болуы тиіс, – деді облыс әкімінің орынбасары.
 
Сонымен қатар, препараттың әсерін бақылау, қажетті жағдайда оның мөлшерін арттыру және барлық секторларда кезекші техниканы ұйымдастыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
 
 
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/992317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version