7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Кентау қаласында “Ерлік – елге мұра” тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қала тұрғындары, ардагерлер мен жастар қатысты.
Салтанатты шарада Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаланың даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға төсбелгілер тағып, алғыс хаттар табыс етті.
“Бұл күн ел тыныштығын күзетіп жүрген ерлерімізге деген құрметтің белгісі. Ерлік пен елдік – ұлт рухының тірегі. Мұндай шаралар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады”, – деді қала басшысы.
Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік жиын Кентау халқының Отан қорғаушыларға деген зор құрметі мен алғысын білдіретін жарқын оқиға ретінде есте қалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/992981?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау