«Контрафактіге қарсымыз» республикалық акциясы аясында әділет департаментінің басшылығымен Оралдық мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі Е. Бекешевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ол өзінің шығармашылығының жай – жапсары мен Британия еліне көрмеге шақырту алғандығын айтып өтті. Сондай ақ, алдағы уақытта да атқарылатын шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/992200?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау