9 мамыр күні Көкшетау қаласында таңертең мыңдаған азаматтар Даңқ Аллеясына жиналып, Ұлы Отан соғысының батырларын, жеңісіміз үшін жанын қиған аталары мен әжелерін еске алды.
“Мәңгілік алау” ескерткішінің жанында ерекше атмосфера орнап, келушілер гүл шоқтарын қойып, соғыстан оралмағандарға, біздің тарихымыз бен жанымыздың ажырамас бөлігіне айналған жауынгерлерге құрмет көрсетіп, еске алды.
Қаланың орталық алаңы мен оған іргелес көшелер әскери тақырыптағы баннерлермен, кіші архитектуралық нысандармен, көрнекі суреттермен безендірілді. Орталық саябақтың кіреберісінде болашақ ұрпақты бостандық пен тәуелсіздік үшін күреске шабыттандыратын қазақстандық батырларға арналған көркем көрме ұйымдастырылды.
Алаңда соғыс жылдарындағы өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қандай бағамен келгенін еске салатын әуендер шырқалды. Осы Ұлы күні алаңға келгендердің барлығы теңдесі жоқ батылдық пен соғыс құрбандарын еске алып, жүректерінде мақтаныш пен ризашылық сезімдері орнады.
Даңқ мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қала тұрғындары “Абылайхан” алаңына бет алып, қала тұрғындары мен қонақтарына қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы театрландырылған қойылым көрсетілді. Бұл тарихи қойылым баршамызға отандастарымыздың ерлігін, олардың жеңіске деген шексіз сенімін ең соңғы демге дейін Отан үшін күресуге дайын екендігін еске салды.
Ұлы мереке күніне арналған концерттік бағдарламаны еліміздің эстрада жұлдыздары “Музарт” вокалдық тобы мен қала және облыстың шығармашылық ұжымдары жалғастырды.
Бұл күні қаламыз тек мереке алаңына ғана емес, кез келген сынаққа тік тұрып, өз жерін қорғауға әрқашан халық рухының дайын екендігінің, бірлігі мен Ұлы күшінің символына айналған жер іспеттес болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/993061?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау