2025 жылғы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысы Полиция департаменті Панфилов аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен патриоттық бағыттағы «Мәңгілік тағзым» атты акция өткізілді.
Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері қатысып, 1941–1945 жылдары Отан алдындағы борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Құрметті ардагерлер мен полиция қызметкерлері мемориалдық ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлік рухына тағзым етті.
Мерекелік іс-шара барысында қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік полиция қызметкерлері арнайы шендермен және Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл – олардың адал еңбегі мен елге қызмет етудегі жауапкершілігін бағалаудың айқын көрінісі.
Осындай іс-шаралар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ардагерлерге құрмет көрсетудің маңыздылығын арттырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/992086?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау