«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ана өліміне қатысты 2025 жылғы 17 ақпандағы № 09-1/8921 шығыс хаты негізінде 2025 жылдың 03 сәуір – 3 мамыр аралығында тәуелсіз медициналық сарапшылардың қатысуымен «Сенім» ЖШС, «Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы», «Көп бейінді қалалық ауруханасы», «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ларына медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп – тексеру жүргізілді.
Тергеп – тексеру жұмыстарының қорытындысы сәйкес:
– «Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» ШЖҚ КМК-ның деңгейінде бұзушылықтар анықталмады;
-«Сенім» ЖШС, «Көпбейінді қалалық ауруханасы», «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-лары деңгейінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және диагностикалау мен емдеу хаттамаларын толық емес сақталмауы анықталды.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментіне, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне – мәлімет үшін, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына – әкімшілік шара көру үшін, Қызылорда облысының полиция департаментіне – құқықтық баға беру үшін, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына қаржылық шара көру үшін жіберілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/992221?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау