НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ
Келес ауданында жедел- тактикалық жаттығу өткізу туралы
2025 жылғы 8 мамырында Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Келес аудандық жедел штабымен, жедел- тактикалық жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал обьектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсінікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/992322?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау