«Нұрлы жол» газетінің редакциясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдеріне тіркелген кандидаттарға алаң беру шарттары, мөлшері және тәртібі туралы хабарлайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Баспа алаңы барлық тіркелген кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарының тең шарттарымен беріледі.                Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемі және шарт жасасу көрсетіле отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет алаңының 1 ш.см. үшін 260 теңге есебінен баспа алаңын ұсыну құнын төлеу жүргізілсін.

Барлық сайлау алдындағы баспа үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тапсырыс берген тұлға туралы ақпарат болуға тиіс. Кандидаттар баспа материалдарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады. Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді, бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады. Басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда Редакция баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарының мәтіндері жарияланбайды».

Газет редакциясы өтініштерді, мәтіндерді қабылдайды және демалыс күндерінен басқа жұмыс уақытында мына мекен-жай бойынша келісім-шарттар жасайды: Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, им. Ш. Уәлиханов көшесі, 43 үй, тел. 8 – (714-44) 2-12-08, nurlijol@mail.ru.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-audany-akimat/press/news/details/993124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version