Округ әкімінің Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті округ тұрғындары!
Сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – халқымыздың батырлығы мен ерлігінің, бейбіт өмірге деген шексіз сүйіспеншілігінің символы. Ұлы Отан соғысында Отанын қорғап, ерлік көрсеткен аталарымыз бен апаларымыздың алдындағы парызымыз – оларды мәңгі есте сақтау.

Сол бір ауыр жылдары жауға қарсы күрескен ардагерлеріміздің ерлігі – келер ұрпаққа өнеге, біз үшін мақтаныш. Жеңіс күні әрқашан жүрегімізде үміт пен бейбітшіліктің, бірлік пен татулықтың жарқын белгісі болып қала береді.

Баршаңызға амандық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға тыныштық пен бақ-береке тілеймін!

Жеңіс күнімен!

Құрметпен, Парасат Азаматұлы Қожабеков
Жанама ауылдық округінің әкімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/992309?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version