Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Ерланұлы ауданымыздың қорғаныс саласына үлес қосып жүрген азаматтарды “Алғыс хатпен” марапаттап, сый-сыяпат табыстады.
Мерекелік шара аясында патриоттық рухты көтеретін әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл мейрам батылдықтың, ерліктің, қаһармандық пен елдіктің мерекесі. Отанға деген адалдығымен, сүйіспеншілігімен танылған ардагерлеріміз әрдайым өскелең ұрпаққа жарқын үлгі болып қала береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/992288?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау