Қарағандыда өткен Каратэден «KaragandaOpen 2025» төрт күндік ауқымды республикалық турнирге Қазақстанның 12 өңірінен 500-ден астам каратэші қатысты. Қатысушылар арасында 10, 12 – 14, 16 жастағы 20 жас спортшыдан тұратын Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының командасы ерекшеленді.
Бұл күндер шиеленіске, жарқын жекпе-жектерге және шынайы эмоцияларға толы болды – нағыз каратэ рухы. Қатысушылардың әрқайсысы татамиге сенімділікпен, жеңіске жету ниетімен шықты.
Турнирдің нәтижесі жігерліктерге лайықты болды – жетістіктер қоржынын 15 медальмен толықтырды. Кумитэ бөлімінде 1 «алтын», 2 «күміс» медаль, сонымен қатар кумитэ, ката бөлімдерінде 12 «қола» медаль.
Команданың жетістігі әр оқушыға білім мен жаттықтырушылық жұмыс тәжірибесін беретін тәлімгерлерсіз мүмкін емес. Олар өздерінің жас каратэшілерінің турнирдегі жетістіктерін атап өтті.
– Балалар мінезін, төзімділігі мен жауынгерлік рухын көрсетті. Мен олардың әрқайсысын мақтан тұтамын! Тәрбиеленушілеріміз Павлодардың намысын қорғай алатынын көрсетті, – деді Владислав Никитин.
– Бұл медальдар тек марапаттар емес. Бұл күнделікті жұмыстың, күш пен өсудің символы. Біз жауынгерлерді, болашақ спортшыларды тәрбиелеп келеміз – деді мақтанышпен Фархат Оспанов.
– Біздің спортшылар мықтылармен тең дәрежеде шайқасты. Бұл балалар, ата – аналар мен жаттықтырушылардың командалық жұмысының нәтижесі – деді Сергей Галенза.
– Бұл тек бастамасы, алда – жаңа шыңдарды бағындырып, жеңістерге қол жеткіземіз – деді Олег Минин.
Қарағандыдағы Турнир жігерліктер үшін нағыз жеңіс болды. Ең бастысы – медальдар саны емес, тәрбиеленушілер арасындағы достық пен өздеріне деген сенімдерінің өскені.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/991860?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау