Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары қайта жаңартудан өтіп жатқан тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Кездесу барысында меншік иесі атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасы жөнінде толық ақпарат ұсынды. Қазіргі таңда тұрғын үйде негізгі инженерлік жүйелер – су құбыры, электр желісі және жылу жүйелері толығымен жүргізілген. Бұл пәтерлер тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында барлық талаптарға сай жабдықталуда. Аталған тұрғын үйде барлығы 20 пәтер бар: 1 бөлмелі – 4 пәтер, 3 бөлмелі – 4 пәтер, 4 бөлмелі – 8 пәтер және 5 бөлмелі – 4 пәтер. Бұл әртүрлі санаттағы отбасылардың тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Абаттандыру жұмыстары аясында тұрғын үйдің алдына балалар ойын алаңы орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін пәтерлерді кезектегі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алу жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/993184?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау