Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті.

Ең әуелі шаһар басшысы «Әулиеата» ауданы әкімінің қызметіне Төреханов Барлық Әдепханұлының кандидатурасын ұсынып, оның өмір жолымен таныстырды.

– Тараз қаласында жаңадан құрылған екі ауданда бүгінде атқарылатын жұмыс ауқымды, алдағы міндеттер айқын. Сондықтан шаһар құрамына енген елді мекендердің тірлігін тіктеп, жұмысын жүйелейтін білікті мамандар ауадай қажет. Бұл тұрғыда Барлық Әдепханұлы осы жауапты қызметке әбден лайық деп санаймын. Оның басқарушылық қабілеті мен еңбек өтілі бұған жеткілікті, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Депутаттар басым дауыспен аудан әкіміне үміткердің кандидатурасын қолдады.

Келесі кезекте жиынның күн тәртібіне сәйкес Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныс енгізу, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу, Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне және «Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/992339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version