Қамқорлық – жеңімпаздарға алғыс: Жеңіс мерейтойына орай ардагерлерге қолдау көрсетілді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанай облысында ардагерлер мен оларға теңестірілген санаттарды қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені өткізілуде.
Өңірде Ұлы Отан соғысының 10 қатысушысы мен мүгедегі және ардагерлерге теңестірілген 1949 адам тұрады. Олардың барлығы мерейтойлық жыл бойы әлеуметтік, медициналық қолдау алады.
Жеңіс күніне ҰОС қатысушыларына 5 млн. теңгеден; фашистік концлагерь тұтқындарына 100 мың теңгеден; қоршаудағы Ленинград тұрғындарына 60 мың теңгеден; тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден; қаза тапқан ардагерлердің жесірлері мен әйелдеріне 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Осы төлемдерге бағытталған бюджет қаражатының жалпы көлемі 164,7 млн. теңгені құрады.
Мамыр айының басынан бастап барлық ардагерлерге және оларға теңестірілген адамдарға Жеңістің 80 жылдығына мерейтойлық медальдар табыс етілді – барлығы 1959 адам.
Ардагерлерге ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі: 39 320 теңге – соғысқа қатысушыларға, 11 796 теңге – теңестірілген санаттарға.
Санаторий-курорттық емдеуге ерекше назар аударылады. Биыл 356 адамды сауықтыруға 108,7 млн. теңге бөлінді. Бұдан басқа, 54,4 млн. теңге санаторийді өз бетінше таңдаған адамдардың шығыстарын өтеуге бағытталған.
7 мамырда Қостанай облысының делегациясы Астанадағы әскери шеруге қатысты. Оның құрамында ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еріп жүрушілер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/992602?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау