9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеген күн. Ерлік жалауы желбіреген шақ. Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің гүлденуі осынау мерекенің жемісі. Жеңістің 80 жылдық және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойын мұғалжарлықтар салтанатпен атап өтті.
«Жеңістің жарқын сексенінші көктемі» деп аталған мерейлі мерекеде жиналғандар қазақтың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоғын қойып, соғыста құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мерекеге орай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған кең байтақ қазақ даласын суреттейтін театрландырылған көрінісі көрсетілді.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/992753?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау