Қарағанды облысы Ветеринария басқармасының Ветеринариялық стансаларына автокөлік кілттері салтанатты жағдайда табысталды. Тәуелсіздік стелласы жанында өткен іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Қобжанов, басқарма басшылығы мен ветеринариялық стансалардың қызметкерлері, сондай-ақ тиісті ведомстволардың қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде Ермағанбет Бөлекпаев жаңа автокөліктер – бұл мамандарға күнделікті жұмыс барысында жедел әрекет ету мен қажетті көмек көрсету үшін өте қажет техника екенін атап өтті.
– Өз тарапымыздан жабдық пен техника мәселесінде көмектесуге тырысамыз. Бұл автокөліктерді тапсыру – сол жұмыстың бір бөлігі. Олар сіздердің сенімді көмекшілеріңізге айналады деп үміттенемін. Сіздерге жұмыстарыңызда сәттілік, отбасыларыңызға амандық пен денсаулық тілеймін! – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде материалдық-техникалық базаны нығайту саланың тиімділігін арттыратынын атап өтті. Биыл ветеринария саласына облыстық бюджеттен 3 миллиардтан астам теңге бөлінді, оның 500 миллион теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған.
Автокөлік паркіне ие болу – эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Қызметтік көліктер ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүзеге асыруда бөлімшелердің жеделдігін айтарлықтай арттырады.
Жол талғамайтын «Нива» маркалы автокөліктер Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы, Шет аудандары мен Қарағанды, Балқаш қалаларындағы ветеринариялық стансаларына таратылды.
Ветеринария басқармасының басшысы Амандық Жәкетаевтың айтуынша, жаңа автокөліктердің негізгі мақсаты – профилактикалық және шұғыл ветеринариялық шараларды іске асыру болып табылады, бұл ретте мобильділік пен әрекет ету жылдамдығы аса маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-veterinaria/press/news/details/992319?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау