Қазақстан Елшісі Словакияны азат еткен жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Братислава, 2025 ж. 8-9 мамыр – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.

8 мамырда Пьештяны қаласында Елші Словак Республикасының басшылығы қатысқан ресми шарада Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

9 мамырда Ж.Сағынова Братиславаны азат ету жолында ерлікпен шайқасып, жанын қиған Қызыл Армия жауынгерлерінің рухына тағзым етіп, «Славин» әскери мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Аталған рәсімге сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Қытай және Ресей елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Анықтама: «Славин» – Словакиядағы ұлттық мәдени ескерткіш мәртебесіне ие әскери мемориал. Ол 1960 жылы Братиславаны фашизмнен азат етудің 15 жылдығына орай салынған. Мемориал құрамына алты бауырластар зираты мен 318 жеке қабір кіреді. Жалпы саны 6845 Қызыл Армия жауынгері осы мемориалда жерленген. Олар 1945 жылғы сәуірде Братислава мен оның маңайын азат ету жолында қаза тапқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/992706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version