Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына жағдай қалыпқа келгенше дейін Үндістанға барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынамыз.
Үндістанда жүрген Қазақстан азаматтарын сақтық пен қырағылық танытуды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, ресми ақпарат көздерін бақылауды және жергілікті билік пен қауіпсіздік қызметтерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.
Қазақстанның Үндістандағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды, өз мекенжайларыңызды хабарлап отыруды және қажет болған жағдайда консулдық-құқықтық көмек үшін жүгінуді ұсынамыз.
Елшілік штаттық режимде жұмыс істеп жатыр және болу елінің құзыретті органдарымен тығыз байланыста.
Азаматтарымыздың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз.
Байланыс телефондары:
Нью-Дели қаласындағы Қазақстан Елшілігі: ж.т. +911145555110, ұ.т. +919667118363, +919220718899; ұ.т. +919289059095, +918595224994.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/992857?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау