Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 8 мамыр — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен «Мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің маңызды қырларына — заңнаманы сақтау, кәсіби этика нормаларын ұстану, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және моральдық-этикалық міндеттері еске салынды.

Семинардың маңызды бөлігі — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мен алдын алу тетіктерін жан-жақты қарастыру болды. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, тәуекелдерді талдау жыл сайын жүргізіледі және ол ведомствоның ішкі процестерімен қатар, нормативтік актілер мазмұнын да қамтиды. Құқықтық олқылықтардан бастап, артық әкімшілік кедергілерге дейін негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалды.

Сонымен қатар, еңбек тәртібін сақтау, қызметтік іссапарлар мен тексерулер кезіндегі, сондай-ақ жұмыс уақытынан тыс кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мәселелері де талқыланды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметші — бұл тек мемлекеттің өкілі ғана емес, сонымен қатар оның абыройын қалыптастыратын тұлға екені ескертілді.

Кездесу соңында қатысушыларға мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайтудағы адамгершілік пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап көрсеткен көрнекті тұлғалардың нақыл сөздері ұсынылды. Атап айтқанда, Бауыржан Момышұлы, Абай Құнанбайұлы және Кофи Аннанның сөздері айтылды. Олар сыбайлас жемқорлықпен күрес әр адамның ішкі ұстанымынан және күнделікті тәртібінен басталатынын еске салды.

«Мемлекеттік қызмет — бұл жоғары кәсіби біліктілікпен қатар, мінсіз адалдықты талап етеді. Өзімізден бастайық — сонда мемлекетіміз де тазара түседі», — деп қорытындылады Әдеп жөніндегі уәкіл.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/991664?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version