Брюссель, 2025 жылғы 9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі Брюссель зиратында өткен салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Рәсім фашизмге қарсы күресте қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне деген терең құрмет ахуалында өтті. Іс-шараға Елшілік дипломаттары, Бельгиядағы НАТО штаб-пәтері жанындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдігінің офицерлері, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялар қатысты.
Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанды, олардың жартысы ерлікпен қаза тапты. 500-ден астам қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылған.
Ел басшылығының шешімімен еліміз бойынша 500-ге жуық көше қазақстандық жауынгерлердің есімімен аталатын болады.
2025 жылғы 9 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 105 соғыс ардагері тұрады.
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында бүкіл ел бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне бірыңғай мөлшерде – 5 миллион теңге (8000 еуродан астам) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/992759?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау