Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісінің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр – еліміздің тарихында қасиетті күн.
Бұл-халқымыздың әскери даңқы ,естиігі мен батылдығы, табандылығы мен патриотизмінің мерекесі.
Соғыс жылдары уақыт өте келе алыстаға¬нымен, сол сұмдық кездің түсірген зардабы ешқа¬шанда ұмытылмайды және жеңімпаздардың ай¬бынды батырлық даңқы өшпек емес.
9 мамыр фашизммен шайқас жолында опат болғандарды еске алу күні ретінде, Ұлы Жеңіс жо¬лында тылда тынбай еңбек еткендердің, жаумен бетпе-бет күрескен біздің ардагерлеріміздің асқан ерлігінің белгісі ретінде біздің тарихымызда мәң¬гілік қалады.
Азаттық үшін жанқиярлықпен күрескен милли¬ондаған жандардың қайсарлығы мен батырлығы¬ның алдында бас иеміз.
Жеңіс сарбаздарының ерлігі біздің жадымызда сақталады және ерліктің, адамгершілік пен халықтар достығының асқан үлгісі болып қала бермек.
Жеңіс күнімен, құрметті ардагерлер! Зор денса¬улық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
Құрметпен,
Аудан әкімі Д.Тоғызбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/993017?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау