Құрметті отырарлықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді бүгінгі айбынды еліміздің айшықты мерекесі – 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышанымен қатар, еліміздің тыныштығын күзеткен сардарлар мен сарбаздарға көрсетілген құрмет болып отыр. Отанды қорғау – сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік өр руһымыздың биік шыңы. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн сыйлаған майдангерлерімізді әрдайым ардақтап, болашақ ұрпақ алдында мәңгі мақтан етеміз.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісін ұлықтаған даңқты мереке-батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып саналады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары бұл даңқты жоғары абыроймен жалғастырып келеді.
Құрметті жерлестер!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген даналық сөз бар. Олай болса, бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметкерлерге алғыс білдіремін.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды сақтауға, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын!
Бақытты ұрпақ ашық аспан астында береке-бірлікте өмір сүре берсін!
Құрметпен,
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/992294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version