ШЫМКЕНТТЕ МУЗЫКАЛЫҚ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Shymkent City» саябағында мегаполистің көркін ашатын жаңа заманауи музыкалық субұрқақ іске қосылды. Сәулетті нысан шырайлы қаланың жарқын символының біріне айналары сөзсіз.

Мереке аясында ашылған жаңа субұрқақ лазерлік жарықпен және бейнепроекциямен жабдықталған. Ол — заманауи талаптарға сай жасалған жоғары технологиялы мультимедиалық кешен.

Субұрқақ кешкі уақытта жұмыс істейді. Алдағы уақытта техникалық мүмкіндіктері кезең-кезеңімен жетілдірілетін болады.

Сәулеттік туынды тек қаланың көркін ашып қана қоймай, серуен құрып, отбасымен демалуға арналған жаңа жайлы орынға айналатынына сеніміміз мол.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/991694?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version