Шымкенттік 5 оқушы әлемнің үздік университеттерінен шақырту алды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкенттік 5 оқушы әлемнің үздік университеттерінен шақырту алды!
Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тірегі!
Шымкент қаласының 5 талантты түлегі өз білімінің, еңбегі мен табандылығының арқасында әлемдік деңгейдегі үздік жоғары оқу орындарынан шақырту алды.
1. Алина Есенгельдиева – АҚШ-тың 10 жетекші университетінен ресми шақырту алды.
2. Даяна Тулкунова – Әлемнің 8 беделді университетінен шақырту иеленді.
3. Әбдіразақ Жанқожа – Drexel, Albion, RIT Dubai, HKUST, CityU секілді университеттерден ұсыныс алды.
4. Нұрғали Режеп – Гонконгтың 2 беделді университетінен толық грант жеңіп алды.
5. Актөре Мырзақасым – Абу-Дабидегі MBZUAI сынды беделді университетте білім алмақ.
Олар – біздің заманымыздың нағыз қаһармандары!
Жастарымыздың биік белестерді бағындыруы – ел болашағына сенім ұялатады.
Бүгінде осындай дарынды оқушылармен Шымкент IT Hub технопаркі қабырғасында сұхбаттасу сәті түсті.
Олардың жетістігі – хабтың оқушылары мен резиденттері үшін үлкен мотивация көзі.
Білімге ұмтылған жастарды қолдаймыз!
Олардың әр жетістігі – Отанымыздың жарқын болашағы үшін жасалған үлкен қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/993047?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version