СҚО әкімі соғыс және тыл ардагерлерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері Василий Макиенко мен Фёдор Щегловты, тыл ардагерлері Рашит Белогонов пен Хадиша Бекназарованы мерекемен құттықтап, оларға ұзақ ғұмыр мен отбасылық береке тіледі. Өңір басшысы Президент атынан құттықтау хаты мен Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальді табыс етті. 

“Батырларымызға жеке құрмет көрсету – мен үшін үлкен мәртебе. Ардагерлеріміз Жеңіске жетер жолда өлшеусіз үлес қосты. Сіздердің ерліктеріңіз – тірі тарих, ұрпақ үшін мақтаныш пен шабыттың қайнар көзі. Алдағы уақытта да ардагерлерге қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіру – басты парызымыз”,- деп жазды облыс әкімі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/993003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version