Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Серік Әшіровтың төрағалығымен және Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қызметкерлері қатысты.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары қаралды: сыбайлас жемқорлықтың белгілері мен түрлері, оған қарсы іс-қимыл субъектілері, заңнамадағы өзгерістер, агенттіктің үш негізгі қызметінің (ағарту, алдын алу, жазалау) өзара байланысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясындағы заңнамалық бастамалар, жемқорлыққа қарсы кешенді шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік пен жаза, және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көрсетілген әкімшілік жауапкершілік шаралары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/992276?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version