Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту — Солтүстік Қазақстан облысының аграрлық саясатының негізгі бағыттарының бірі. Бұл қосылған құнның өсуіне, жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. 2025 жылдың I тоқсанында азық — түлік өндірісінің көлемі 76,8 млрд теңгені құрады, нақты көлемнің өсуі-114,7%. Сүт, астық өңдеу және май өнеркәсібі көш бастап тұр.
Дәнді дақылдарды өңдеудегі ірі ойыншы “BIOOPERATIONS” ЖШС болып табылады, ол қосылған құны жоғары өнімдерді шығарады: биоэтанол, глютен, крахмал және басқалар. 2024 жылы кәсіпорын 110 мың тонна өнім өндірді. Өңірде толық агроөнеркәсіптік циклды қалыптастыратын және технологиялық даму мен жұмыспен қамтуға үлес қосатын бірқатар осындай өндірістер жұмыс істейді.
Стратегиялық жобалардың қатарында майлы дақылдарды қайта өңдеу қуатын жылына 813 мың тоннаға дейін арттырған “МаслоДел” ЖШС май экстракциялық зауытын іске қосу бар. Бұл аймақтағы егіннің 100% – на дейін өңдеуге мүмкіндік берді. Болашақта лецитин өндіретін майды терең өңдеу желісін іске қосу жоспарлануда.
Бұл бастамалар Президенттің АӨК-дегі өңделген өнім үлесін 70% – ға дейін ұлғайту жөніндегі міндетін орындауға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және ауылды дамытуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/992804?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау