Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Алғабас ауылында 8-10 мамыр күндері тоғызқұмалақтан Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясының кубогына арналған III республикалық ашық турнир басталды. Зияткерлік сайысқа еліміздің 10 өңірінен және Түркістан облысының қала-аудандарынан 250-ден астам спортшы қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Түлкібас аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сейфуллаев, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев, сондай-ақ осы спорт түрінен облыстың аға жаттықтырушысы Камила Көпбаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир тоғызқұмалақтың классикалық түрі бойынша өтуде. Қатысушылар 9, 11, 13 және 15 жас ерекшелігі бойынша ұлдар және қыздар санатында бақ сынауда. Жарыс жеңімпаздары маусым айында өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғайтын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/992162?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау