ТҮРКІСТАНДА ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынып жатыр. Онда ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберханасы бой көтермек. Мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу. Қолөнершілер қалашығында жалпы аумағы – 9 мың шаршы метрге жуық.

Жаңа қалашықта сонымен қатар қонақүйлер мен ас үйлер салынып, көрме немесе Showroom орналасады. Түркістанда қолөнершілердің әлеуеті зор. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһардың орталығында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/992809?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version