Туберкулездің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туберкулез – қоздырғышы Mycobacterium tuberculosis бактериясы болып табылатын, ауа тамшылары арқылы берілетін инфекциялық ауру. Туберкулезді кез келген адам жұқтыруы мүмкін, әсіресе бұл ауруға иммунитеті жеткіліксіз қалыптасуына байланысты балалар сезімтал болады.
Туберкулез негізінен ауа тамшылары арқылы, жөтелу, түшкіру, туберкулезбен ауыратын адамдардан бөлінетін қақырық арқылы таралады.
Инфекция көзі – туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдар мен жануарлар (ірі қара, ешкі, ит).
Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда бактерия бөлетін өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар ең қауіпті болып табылады.
Созылмалы тыныс алу жолдары ауруларымен (бронхит, пневмония және т.б.), қант диабетімен, алкоголизм, АИТВмен ауыратын адамдардың сырқаттану тәуекелі жоғары болуы мүмкін.
Туберкулездің дамуына организмнің қорғанышын әлсірететін факторлар – дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, алкоголь және т.б. әсер етеді.
Туберкулез организмде бактериялардың көбеюі және әртүрлі ағзалардың зақымдануы нәтижесінде пайда болады. Туберкулездің белгілері көптеген айлар бойы байқалмай, нәтижесінде науқас басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін.
Туберкулезге тән клиникалық белгілер: ұзақ жөтел (2-3 аптадан астам), қақырық бөлінетін жөтел, қан түкіру, дене салмағының жоғалуы, кеуде ішілік лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Туберкулез тек өкпеге ғана емес, сонымен қатар басқа ағзаларға да әсер етуі мүмкін (омыртқа, тері және т.б.), оның белгілері организмдегі инфекциялық процестің орналасуына байланысты болады.
Аурудың таралуын болдырмайтын негізгі шаралар:
– балаларды иммундау. Туберкулез ауруларының алдын алу мақсатында дені сау жаңа туған балаларға, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, перзентханада туғаннан кейін 2-4 тәулікте Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ (Кальметт-Герен бацилласы) вакцинасымен егу жүргізіледі.
– науқастарды ерте анықтау. Ересектер мен 15 жастан асқан балаларды жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізу, Манту сынамасы бойынша 14 жасқа дейінгі балаларды тексеру.
– салауатты өмір салтын, жеке гигиена ережелерін сақтау, иммунитетті көтеру.
Туберкулезді мынадай жағдайларда емдеуге болатындығын есте ұстаған жөн: дәрігерге уақтылы жүгіну, уақтылы тексеру, медициналық қызметкердің бақылауымен ауруды үздіксіз емдеу.
Туберкулезді тексеру және емдеу тегін!
Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/993071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version