Тыл ардагеріне айрықша құрмет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тыл ардагері Нұрмахан Шаухаровтың шаңырағына арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтады.

– Сұрапыл соғыста қаншама қаһарман жауынгеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, бейбітшілікке жетуімізге жол ашты. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы еңбек даласында өзіңіз секілді талай еңбеккер қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сіздердің қайтпас қайсарлықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз өскелең ұрпаққа – таусылмас тағылым, сарқылмас өнеге, – деген шаһар басшысы ардагерлерді ұлықтау баршаға ортақ парыз екенін жеткізді.
Ардагер де өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

Нұрмахан Тұрғымбекұлы 1936 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1962 жылы Свердлов ауданы, Ленин ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Свердлов аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жоғары Министрлер кеңесінде жауапты қызметші, Жамбыл облыстық Суперфосфат зауытының кәсіподақ ұйымының басшысы, Жамбыл облыстық атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, облыстық жұмыспен қамту партия комитетінің жалпы бөлімінің нұсқаушысы, партия архивінің директоры секілді жауапты қызметтерді атқарған. Оның еселі еңбегі мемлекет тарапынан ескерусіз қалмай, «Ветеран труда», Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Байзақ ауданының “Құрметті азаматы”.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/993121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version