ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: Тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, аудан әкімі Сарыкемер ауылдық округінің тұрғындары, жалғызілікті, тыл еңбеккерлері Екатерина Степанова мен Зоя Кравченконың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысымен сала орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Сәуле Тлеуқұлова бірге барып, мерекелік лебіздерін жеткізді. Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен берілген «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыс етіп, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, тыл еңбеккерлерінің табанды еңбектері мен ерен ерліктерін айрықша атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Бұл мерейтойлық медальдар олардың соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісі болып табылады. Тыл ардагерлерінің еңбегі – бұл майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар, жас жігіттер мен қыздар, әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті. Күн-түн демей, тер төгіп, алғы шепті азық-түлік және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп, табандылықпен Жеңісті жақындатты. Тыл еңбеккерлері аудан басшылығының ыстық ықыласына ризашылықтарын білдіріп, елге амандық пен тыныштық тілеп, ақ баталарын берді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Байзақ ауданы бойынша тыл еңбеккерлері және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері бар, барлығы 52 адамға осындай мерекелік медальдар берілуде. Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/992245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version