Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара өтті
2025 жылдың 8 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында өңірдің дін бірлестіктер жетекшілерінің КЛУБЫ қызметі аясында «Жүректен шыққан естелік» атты патриоттық іс-шара өтті.
КЛУБ мүшелері батырларға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен ерлікке тағзым етті, сондай-ақ бейбіт өмір мен азаттық үшін алғыс білдірді.
Салтанатты рәсімнен кейін Қаратал аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Аталған шараға 30 КЛУБ мүшесі қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/991722?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау