Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін құттықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтардың ерлігі мен бірлігін бейнелейтін айтулы күн – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, 8 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы С. Ахметжанов және Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері тыл ардагерлеріне барды.

Тыл еңбеккерлерін осы маңызды мерекемен құттықтай отырып, Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері алғыс сөздерін білдіріп, оларға азық-түлік себеттерін таратып, гүл шоқтарын табыс етті. Барлығы 3 тыл еңбеккеріне барылды.

Айта кетейік, бұл бастама Ұлы Жеңіске зор үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің еңбегі мен ерлігін танудың символына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/992136?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version