Жамбылдықтар майдангерлер рухына тағзым етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Мәңгілік алауға және Б. Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Еске алу шарасына облыс әкімі, ардагерлер, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары мен туыстары, облыс тұрғындары жиналды.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің төрағалары, Тараз қаласының әкімі, құзырлы орган, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты.

Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті. Гүл қою рәсімі Тараз қаласында А. Сухамбаев, Ы. Сүлейменов, Т. Тастандиев, З. Космодемьянская, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жерлес жауынгерлерге орнатылған ескертіштерде, мрамор тасқа соғысқа кеткен жерлес жауынгерлердің тізім жазылған стеллаларда және аудандарда да өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/992541?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version