ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЕКІ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
«Үшбұлақ саябағы» ауыл тұрғындарының ынтымағының арқасында, асарлату жолымен бой көтерсе, «Ардагерлер аллеясы» Өмірәлиевтер әулетінің демеушілігімен қайта жаңғыртылды. Бұл игі істер – ауыл азаматтарының елдік мұратқа, тарих пен ерлікке деген зор құрметінің айғағы.
Сондай-ақ саябақ аумағына 100 түп шырша ағашы мен түрлі гүлдер отырғызылып, демалушыларға арналған беседкалар, орындықтар және жарық шамдары орнатылды. Бұл — ауыл тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуына жағдай жасайтын тартымды орындардың біріне айналды.
Салтанатты шара ашылуында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев сөз сөйлеп, жиналған қауымды Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, осындай игі бастаманы қолға алып, оны жүзеге асыруға атсалысқан ауыл азаматтарына алғысын білдірді.
Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, елдің бірлігі мен татулығының осындай істерден көрініс табатынын айтып, ардагерлер атынан алғысын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/993085?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау