Жаңаталап ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Балпық ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылында тағылымы мол, патриоттық рухқа толы мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл жиын Балпық ауылдық округі әкімшілігі мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.

Шараға МДШОБ Жаңаталап мектебінің ұстаздары мен оқушылары белсенді түрде қатысты. Олар көркемөнер қойылымдарын қойып, патриоттық өлеңдер оқып, ән шырқады. Көрермендерге ерекше әсер қалдырған сахналық көріністер мен ардагерлерге арналған арнау сөздер Жеңіс рухын сезіндірді.

Мерекелік жиын барысында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың ерліктері мен Ұлы Жеңістің маңызы туралы тағылымды ойлар айтылды. Мұндай шаралар жас ұрпаққа отансүйгіштік пен бейбіт өмірдің құндылығын ұғындыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/992985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version