Жеңіс батырларына құрмет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс Күні қарсаңында «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаты Сергей Леонтьев Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

⠀         Барлық қалпына келтіру жұмыстарын депутат жеке өзі ұйымдастырды және қаржыландырды.

«Біз үшін бұл жай ғана ескерткіш емес – бұл біздің болашағымыз үшін өз өмірін бергендерді еске алу мен ризашылықтың символы. Біз олардың ерліктерін ұмытуға құқығымыз жоқ. Мұндай ескерткіштерге қамқорлық жасау-әрқайсымыздың міндетіміз», – деп атап өтті Сергей Леонтьев.

⠀ Депутат ескі қалалық зираттың аумағында орналасқан жаңартылған ескерткіш батырлардың ерлігін құрметпен еске алу үшін келетін қала тұрғындары үшін тартымды орынға айналады деген үмітін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/991686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version